Осындай сабақтың бірі №50 мектеп-лицейінде ұйымдастырылып, сабақ барысында қалалық медицина мекемелерінің қызметкерлері балаларға салауатты өмір салтын ұстануды насихаттады.
- Аталмыш шара мектеп оқушыларына салауатты өмір салты негіздері, денсаулықты сақтау мен нығайтуды ақпараттандыру деңгейін жетілдіріруіне септігін тигізеді, - деді «Арман қала» Жастар денсаулық орталығының меңгерушісі Қ. Хамзин.
Акция барысында салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мәселелері бойынша бейнебаяндар көрсетілді.
Сондай-ақ, барлық қалалық емханаларда мектеп оқушыларына арналған ашық есік күндері ұйымдастырылады.