«Ағымдағы жылы біз «электронды асхана» жобасын іске қосуға ниеттеніп отырмыз. Жалпы, оқушы мектепке келгенде қалтасына ақша салып жүрмеуі тиіс. Яғни, қалтасында ақшасы болмаса да ол асханаға келген кезде «smart БРО» аясында шығарылған картамен қалаған тамағына төлем жасауы қажет», - деді Ә.Уызбаев.
Оның атап өтуінше, аталған карточканың арқасында ата-аналар баласының күнделікті тұтынатын тамағына қадағалау жасай алатын болады.
«Яғни, егер ата-анасы баласына жеуге болмайтын тағам атауын карточкаға енгізетін болса, онда сол балаға аталған тағам сатылмайды. Айта кетерлігі, бұл жобамен тек оқу орындарын ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік нысандарды да қамтуға болады», - деді ол.