Елорда мектептерінде оқушыларға арналған инновациялық зертханалар құрылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда мектептерінде оқушыларға арналған инновациялық зертханалар құрылады. Бұл туралы бүгін елорда білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев мәлім етті.

Оның айтуынша, мектептерде инновациялық зертханалар жобасын жүзеге асыру үшін елорданың 10 үздік мектебі іріктеп алынады.

«Біз қандай да бір ірі компаниялармен бірлесіп немесе жергілікті бюджет есебінен робот техникасы, ақпараттық технология, ақылды технология, 3D-принтер және жаңа материалдар сынды бағыттар бойынша қажетті зертханалар, құрал-жабдықтар, әдістемелер жасауды жоспарлаудамыз», - деді Ә.Исекешев.

Министрдің пайымынша, бұл оқушылардың жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға септігін тигізеді. Сонымен қатар компьютер мен теледидар алдында ұзақ отыруына тосқауыл бола алады.

«Мен 1 қазанға дейін әрбір мектеп немесе колледж өз мектептерін қалай дамытқысы келетіндігі туралы тұжырымдама әзірлеп, ұсынса деймін. Біздің мақсатымыз - мектептердің басым бөлігі барынша инновациялы болуы», - деді ол.