6 қыркүйекте №3 мектеп-гимназиясында мереке қарсаңында 8-10 сынып оқушыларының арасында «Менің сүйікті отбасым» атты авторлық өлеңдер байқауы өтеді. Осы күні №2 өнер мектебінде оқушылар мен мұғалімдердің фотосуреттері қойылған «Менің отбасымның жазғы демалысы» тақырыбындағы фотокөрме ашылады. Үздік фотосуреттер үшін І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен сыйлықтар беріледі. Көрменің критерийлері сапа, дұрыс формат, эстетикалық және қызықты мазмұн болып табылады.
№65 мектеп-гимназиясында бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Білім әлемінде» мерекелік бағдарлама, сондай-ақ, «Менің отбасымның арманы» асфальтқа сурет салу байқауы, № 52 мектеп-гимназиясында «Ата-әжемнің ғұмыры...» атты іс-шара, №4 мектеп-гимназиясында «Отан - отбасынан басталады» отбасылық фестивалі және №1 өнер мектебінде «Біз бақытты отбасымыз!» суреттер көрмесі ұйымдастырылады.
Іс-шараның мақсаты - өскелең ұрпақты тәрбиелеу кезінде отбасылық салт-дәстүрлерді қолдау және дамыту, оқушылардың көркемдік шығармашылығын насихаттау, балалардың бойында патриотизм және отбасылық құндылық сезімдерін ояту болып табылады