«Бұл жағдай халық арасында профилактикалық тестілеу санының жоғарылауына байланысты артты. Шын мәнінде, бүгінде Алматыда анықтаған оқиғалардың 90 пайызы және соңғы аптада Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық оқиғалардың 80 пайызында індет жұқтырғанымен, ауруды сезінбей, симптомсыз болған. Оларды профилактикалық скринингтер арқылы анықтау мүмкін болды», - деді Е. Біртанов «Хабар24» арнасына берген сұхбатында.
Осы қалаларда профилактикалық тестілеу шаралары белсенді жүргізіліп жатқандықтан, індет жұқтырғандар анықталуда.
«Біздің тактиканы айтар болсақ, халық арасында ПТР-тестілеуді белсенді жүргізуге екпін қоюдамыз. Бұл жұмыстар індет жұқтырғандарды барынша ертерек анықтауға негізделген», - деді министр.