Елорда мен Алматыдан қосымша жолаушы пойыздары шығарылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша бір реттік екі пойыздың қосылатынын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компанияныңмәліметінше, № 200/219 «Нұр-Сұлтан - Нұрлы-жол - Шу» бағыты елордадан 31 шілдежәне 2 тамыз күндері сағат 09.57 –де жөнелтіледі. Шу стансасына пойыз кешкі20.00 де жетеді. Ол кері бағытта Шу қаласынан 31 шілде және 2 тамыз күндері кешкісағат 21.15 шығады.

Ал, № 221/222 «Алматы-2 – Шымкент» бағыты «Алматы-2»вокзалынан 21 шілде күні кешкі сағат 20.15-те сапарға шығады. Керібағытта Шымкент қаласынан 22 шілде күні кешкі 18.21 жөнелтіледі.