Елорда мерекесіне орайластырылған қазақ күресінің жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада мерекеге орай өткен қазақ күресі аяқталып, жеңімпаздар анықталды.

Тартысты додада 3-орынды қарағандылық Бекзат Ахметбеков жеңіп алды. 2-орын қызылордалық Айбек Серікбаевқа бұйырды. Ал 1-орынды астаналық Айбат Сейтен иеленді. Бас жүлдегерге бір миллион теңгенің сертификаты табысталды.