Кешеден бері көз аштырмастан үдей соққан ақтүтек боран талай жанды жолда қалдырып, қаһарлы қыстың қаталдығын көрсетіп бағуда. Көліктер қарға кептеліп, жаяу жүргіншілердің жағдайы ауырлаған осы бір шақтарды ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі жұрт болып жұмыла өткізуге шақырады.
Осыған орай, ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі «Ізгі қала тұрғындары» атты қайырымдылық челленджін бастап, барлық мешіт қызметкерлері қала тұрғындарын тегін тасымалдауға кірісті. Игі шараға Бас шаһардағы 12 мешіт қызметкерлері түгелдей атсалысуда.