Полицияға қала тұрғыны намаз оқып жатқан кезде ұялы телефонын ұрлағанын айтып, шағым түсірген.
«Ер адам смартфонын бір бөлмеге қуаттау үшін қойған. Полицейлер видеобақылау камерасын қарап, күдіктіні анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 27 жастағы Қостанай облысының тұрғынын ұстады. Күдікті 150 мың теңгелік телефонды алып-сатарларға сатып үлгерген. Полицейлер мешіттегі тағы екі ұрлық ісіне қатысы барын анықтады», - деді полициядан.
Ер адам кінәсін мойындады, ұрлық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Фото: polisia.kz