Елорда оқушылары арасында лагерге жолдамалар ойнатылады

Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтары сенбіліктер мен экоакцияларға белсенді қатысып, Астананың дамуы мен тазалығына үлес қосуда. 

Астана әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, қалалық білім басқармасы оқушылар арасында үздік сурет байқауын бастайды.

Конкурстың тақырыбы – «Таза Қазақстан» экоакциясы, қала мен табиғатқа ұқыпты қарау. Байқау 25 маусымнан 7 шілдеге дейін жалғасады.

Фото: Астана әкімдігі

10 шілдеде аталған іс-шараның қорытындысы шығып, 3 жеңімпазға балалар лагеріне жолдама беріледі. 

Фото: Астана әкімдігі

Жарысқа қатысушылар Instagram-дағы Астана әкімдігінің ресми аккаунтына (@akimat__astana) жазылып, Instagram-да суреттер жариялап, оны #тазаАстана, #экоакцияАстана хэштегтерімен (жарияланым болуы керек, stories жарамайды) белгілеуі қажет.