Астана әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, қалалық білім басқармасы оқушылар арасында үздік сурет байқауын бастайды.
Конкурстың тақырыбы – «Таза Қазақстан» экоакциясы, қала мен табиғатқа ұқыпты қарау. Байқау 25 маусымнан 7 шілдеге дейін жалғасады.
10 шілдеде аталған іс-шараның қорытындысы шығып, 3 жеңімпазға балалар лагеріне жолдама беріледі.
Жарысқа қатысушылар Instagram-дағы Астана әкімдігінің ресми аккаунтына (@akimat__astana) жазылып, Instagram-да суреттер жариялап, оны #тазаАстана, #экоакцияАстана хэштегтерімен (жарияланым болуы керек, stories жарамайды) белгілеуі қажет.