Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің тапсырмасымен осы мәселеге байланысты арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ, ай сайынғы табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығы беріледі. Еске салайық, 56-шы кезектен тыс сессияда қалалық мәслихат депутаттары елордалық бюджетке өзгерістер енгізген болатын. Сессия барысында елорданың 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақтандырумен қамтамасыз ету үшін 1 млрд 93 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді.
18:56, 23 Қыркүйек 2015
Елорда оқушыларының жекелеген санаттары қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жол жүре алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана оқушыларының жекелеген санаттарының қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жол жүруі мәселесі бүгін қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында қарастырылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.