«15 қарашада сағат 17.10 кезінде Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне «Нива» көлігінің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенде автокөліктің қозғалтқыш бөлігі мен салоны өртеніп жатқанын анықтаған», - деді комитет.
Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 7 адам мен 1 арнайы техника жұмылдырылды.