Елорда полицейлері бір күнде екі адамнан синтетикалық есірткі тәркіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көші-қон саласындағы 20 функция Ішкі істер министрлігінен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде екі адамнан синтетикалық есірткі тәркіленген.

«Түнде Сарыарқа даңғылында 23 жастағы қыз, күндіз Республика даңғылында 44 жастағы ер адам ұсталды. Тінту кезінде ұсталған азаматтардың қалтасынан «Альфа PVP» деп аталатын синтетикалық есірткі табылды. Күдіктілердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.

Ресси дерек бойынша, «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері астана аумағында 200-ден астам қылмыс тіркелген. Оның ішінде 162-сі ашылған. Оған қоса бұған дейін ашылмай келген 138 қылмыстың беті ашылған. Іздеуде жүрген 24 қылмыскер ұсталып, хабар-ошарсыз кеткен 7 азаматтың мекенжайы белгілі болған. Есірткі заттарын заңсыз алып жүрді және сақтады деген күдікпен 20-дан астам адам ұсталған.

Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде полиция қызметкерлері 7 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 922 ұсақ бұзақылық фактісі және 1,5 мыңнан астам алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу фактілері. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 91 жүргізуші ұсталды.