Ол бірнеше ұрлық жасады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу барысында күдікті елордадағы бизнес-орталықтардың біріндегі кабинетке кіріп, 220 мың теңге тұратын «iPhone» маркалы телефонды ұрлағаны анықталды.
Сондай-ақ, Бөгенбай батыр даңғылындағы тұрғын үйден 90 мың теңге тұратын велосипедті ұрлаған.
Күдікті 5 түрлі ұрлық жасағанын мойындады. Ұрланған заттар тәркіленді.
Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның астана аумағындағы осы секілді басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тұрғындарға өте мұқият болып, құнды заттарды қараусыз қалдырмауға, велосипедтерді подъезде тастап кетпеуге шақырады.