Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, биылғы жылдың 20-шы қыркүйегінде сағат 13-30-да Полиция департаментінің өкілдері «Қарқаралы» тасжолының бойында, «Қосшы» ауылына жақын жерден із-түзсіз жоғалып кеткен Әнуар Төлегенұлы Байзұровтың денесін тапты. Туыстары мәйіттің Әнуар Байзұровтікі екенін растады.
6 қыркүйек күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған Ә.Т.Байзұровты іздестіруге елордалық Полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылған.
Мәйітті тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Алдын ала болжам бойынша, марқұм асылудың салдарынан тыныс алу жолдарының асфикциясынан көз жұмған.
Аталған факт бойынша қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.
ҚР ҚК-нің 105 бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.