Бас прокуратураның мәліметі бойынша, тексеру барысында акционерлік қоғам еріксіз иеліктен шығарылатын жер учаскесі үшін 663 млн теңге көлемінде өтемақы алғаны анықталды. Алайда 2 жыл бойы соттың мектеп пен жатақхана салу үшін 2 жер телімдерін мемлекетке беру туралы шешімін орындамаған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот шешімі орындалып, жер учаскелері мемлекетке берілді.