Кездесу Кәсіпкерлер палатасы мен Астана әкімдігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылды. "Бүгінгі күні жастардың өзін-өзі дамытуы, жетістікке жетуі үшін барлық мүмкіндіктері бар. Әрбір қазақстандық туып-өскен еліне бір пайда әкелгісі келсе, оған ешкім кедергі болмайды, бәрі өз қолында», - деді кездесу барысында Б. Артаев. "Атақты спортшының айтуынша, «егер өз ісіңді шынайы сүйіспеншілікпен орындап, жаныңды салып еңбектенсең алынбайтын қамал болмайды». Атақты спортшыны көруге 300-ден астам студент келді. Табысты боксшы, қазіргі басшының өмір жолы жастарды ынталандырып, рух беріп, биікке ұмтылуға деген құлшыныстарын арттыра түсті.
21:20, 12 Ақпан 2014
Елорда студенттері Бақтияр Артаевпен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - 'Жетістіктер тарихы' жобасы шеңберінде Астананың кәсіптік-техникалық колледжінде 2004 жылғы бокс бойынша олимпиада чемпионы, «Астана» Президенттік кәсіптік спорт клубының басшысы Бақтияр Артаевпен жастардың кездесуі өтті. Бұл туралы Ұлтық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен хабарлады.