Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағытты» атты Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы аясында елорда жастарының әлеуметтік әрі саяси өмірін жақсартуға бағытталған іс-шаралар бағдарламалары мен жобаларды әзірлеуге белсенді студенттерді біріктіруге негізделген жиынға жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Алқалы жиын барысында жастар саясаты, білім беру, еріктілер қызметін жандандыру, Астана қаласының экологиясын жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы идеялар жан-жақты талқыға түсті. Сонымен қатар, шараға қатысушылар жастарды елдің саяси өміріне тарту, төзімділікті нығайту, мәдениетаралық диалогты дамтуы және жастардың сауаттылығын арттыру мәселелерін де көтерді.
«Біз бұндай шараны алғаш рет ұйымдастырып отырмыз, әрі оның өте маңызды екеніне сенімдіміз. Біздің басты мақсатымыз - елордамыздың талантты әрі белсенді жастарын қызықтыратын өзекті тақырыптарды талқылауға арналған алаң құру», - деп атап өткен Астана қалалық жастар парламентінің төрағасы Бақтияр Жангелдиновтің сөзіне қарағанда, сәуірде елорданың жастар парламенті қаладағы жоғары оқу орындары көшбасшыларының жастар форумын ұйымдастырмақ.