Елорда тұрғындарына ауыз су қашан берілетіні белгілі болды

«Астана су арнасы» МКК елорда тұрғындарына ауыз су қашан берілетінін айтты, деп хабарлайды Kazinform кәсіпорынның Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Фото: Kаzinform

«Құрметті тұтынушылар электр қуаты қалпына келтірілді. «Астана су арнасы» МКК мамандары сорғыларды қоса бастады. Сумен жабдықтау шамамен 30 минутта қалпына келеді», - делінген Instagram  парақшасындағы хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін елордада жіледіге ақау салдарынан жарық сөнгенін хабарладық.