Ақпаратта айтылғандай, оқиға түнгі клубта болған.
«Кінәлі мас күйінде жәбірленушіден темекі сұраған, бас тартқан соң, оның өмірлік маңызды органдарына пышақпен көптеген дене жарақатын салған. Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келді», — делінген хабарламада.
Жәбірленуші жедел медициналық көмектің арқасында аман қалған.
«Сотталушы кінәсін мойындамағанына қарамастан мемлекеттік айыптаушы сотта оның кінәсін толық дәлелдеді. Құқық бұзушы 9 жылға бас бостандығынан айырылды», — дейді елорда прокуратурасынан.
Үкім заңды күшіне енді.
Прокуратура кез келген жанжалдың салдары тек әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке де әкелетінін ескертеді.