Елорда тұрғындары 103,8 млрд. теңгенің мүліктерін заңдастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мүлікті заңдастыру шараларының қорытындысы бойынша 19.09.16 ж. республика аумағында астаналықтардан жалпы сомасы 103,8 млрд теңгеге 7 867 өтініш келіп түсті.

Оның ішінде: 63,3 млрд теңгесі 9 899 тұрғын үй нысанын, 40,5 млрд теңгесі 10 534 тұрғын емес нысандарды, оның ішінде 22,6 млрд теңгеге 1 077 коммерциялық нысанды заңдастырумен байланысты. Сондай-ақ 0,5 млрд теңгенің заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы 5 қатысу үлесі бар.

Астана қаласы бойынша мемлекеттік табыс департаментінің ақпаратына сәйкес, құны 35 млрд теңге болатын 7 223 нысан заңдастырылды.

Сондай-ақ құны 1,1 млрд. теңге болатын 10 нысан бойынша, бағасы 0,5 млрд теңгелік ҚР аумағындағы заңды тұлғалардың 1 қатысу үлесін жекешелендіру бойынша 5 арнайы декларация ұсынылды.

Шетелде мүлікті жекешелендіру бойынша құны 0,5 млрд теңге болатын 11 нысан бойынша 11 арнайы декларация ұсынылды. Сонымен қатар, сомасы 6,3 млн теңгелік ҚР тыс жердегі заңды тұлғалардың жарғылық капиталының 3 қатысу үлесі заңдастырылды.

Ақшалай қаражатты заңдастыру бойынша сомасы 458,2 млрд теңгелік 406 арнайы декларация ұсынылды. Оның ішінде есеп енгізусіз 8,2 млн теңге көлеміндегі жиынның 10 пайызы төлене отырып, 82,5 млн теңге заңдастырылды.

Сондай-ақ сомасы 8,1 млн теңгеге бағалы қағаздар заңдастырылды.