Елорда тұрғындары арасында жүгіру мен веложарыстан онлайн-жарыс өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –10-23 қазан аралығында елорда тұрғындары саябақтарда жүгіру және веложарысқа шақырылады. Ол үшін Strava қосымшасын пайдалану керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қатысушылар өздеріне ыңғайлы уақытта жақын орналасқан Нұр-Сұлтан қаласындағы кез келген саябақта ережеге сәйкес қашықтыққа жүгіріп, нәтижесін жарыс ұйымдастырушыларына жібереді.

«Сайыстар 10-23 қазан аралығында сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін (әр қатысушыға ыңғайлы уақытта) өтеді. Қатысуға ниеттілер ұсынылған құжаттарға, яғни туу туралы куәлікке немесе жеке куәлікке сәйкес тіркелуі керек», – деп атап өтті дене шынықтыру және спорт басқармасында.

Жарыс 5 км, 10 км, 15 км және 25 км қашықтықта өтеді. Қатысушылар топтарға бөлінеді. Барлық сұрақтар бойынша төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады.

Әуесқойлар арасында 10 шақырымға жүгіру


тел. (WhatsApp): 8 775 947 22 79

пошта: Aitbaev_Edil@mail.ru

2. Кәсіпқойлар арасында 5 шақырымға жүгіру (40 жас және одан үлкендер)

Думан, тел. WhatsAp: 8 747 619 15 55
пошта: mass.sports@mail.ru

3. 18 жастан жоғары әуесқойлар арасында 25 шақырымдық веложарыс

Нұрлы, тел. WhatsApp: 8 771 166 03 06

пошта: Ali_nurli_loko_98@mail.ru

4. Кәсіпқойлар арасында 15 шақырымдық веложарыс (40 жас және одан үлкен)

Ерлан, тел. WhatsApp: 8 701 909 66 77
пошта: 87770067600@mail.ru

Әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасындағы онлайн-жарыстардың нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, олар арнайы сыйлықтар мен медальдарға ие болады. Жеңімпаздарға марапатты елімізге белгілі спортшылар, әлем және Олимпиада чемпиондары табыстайды.

Айта кетейік, мұндай жарыстарды жыл соңына дейін өткізу жоспарланған. Үшінші рет өткізілгелі отырған спорттық шараға бұған дейін 1000-ға жуық адам қатысты.