Елорда тұрғындары «Балалық шағымның аспаны» фильмін тегін тамашалай алады

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Елорда кинотеатрларында 2012 жылдың 1 және 2 желтоқсанында

қаланың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарына «Балалық шағымның аспаны» фильмі тегін көрсетілетін болады.

Көрсетілім ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Балалық шағымның аспаны» - Рүстем Әбдірашевтің Н.Ә.Назарбаевтың балалық және жастық шағы туралы түсірілген бірегей көркем картинасы. Фильм «Оңшылдар мен солшылдарсыз», «Дүние кіндігі», «Еуразия орталығында» кітаптарының желісі бойынша түсіріліп, Елбасымыздың өміріндегі нақты оқиғаларды бейнелейді.