16:36, 19 Маусым 2009
Елорда тұрғындары қала тазалығына атсалысады
АСТАНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Райхан Қоңыр/- «Менің қалам, менің көшем, менің үйім» деп аталатын шара қаламызда елорда күні мерекесін тойлау аясында биыл бірінші рет өткізілмек,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елорда тұрғындары шілденің 4-і мен 6-сы аралығында «Менің көшем», «Менің үйім», «Менің аулам», «Менің саябағым» және «Менің кіреберісім» деген атаумен өтетін шара барысында қала тазалығын сақтауға атсалысатын болады.
Елбасының «астаналықтар басқа аймақтың тұрғындарына қай жағынан болса да, үлгі болуға тиіс» деген бастамасына орай қолға алынған тазалық шарасы мереке күнінде барынша белсенді жүргізілмек. «Бұл, біріншіден, әлеуеметтік мәдениет пен қоғамдық сананың өрлеуіне тиісінше ықпал етеді, екіншіден, жақсы әдетті дәстүрге айналдыруға тырысамыз», дейді шараны ұйымдастырушылар.