«Қала тұрғындарында КВИ бойынша сұрақтар туындаған кезде халықты толық
ақпаратпен қамтамасыз ету үшін емханалардағы Call-орталықтардың жұмысын күшейтеміз. Біздің психологтар халықтың толғандыратын сұрақтарына жауап беруге, психологиялық қолдау көрсетуге дайын», - деді Басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Call-орталықтардың телефондары басқарманың, қалалық медициналық ұйымдардың сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.
Сондай-ақ амбулаториялық көмек деңгейінде пациенттерді оңалту бойынша
жұмыс халыққа әзір.