Елорда тұрғындары мүлікті жария ету бойынша 3 мыңға жуық өтініш берген

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап осы күнге дейін Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлікті заңдастыруға 2897 өтініш қабылданған, деп хабарлайды Астана қаласының Қаржы басқармасына сілтеме жасап елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұған дейін хабарланғандай, "Алматы" ауданы бойынша 1287 өтініш, "Есіл" ауданында 461 қабылданған.

Ал «Сарыарқа» аудан әкімдігіндегі мүлікті жария ету бойынша комиссияға 2990 нысан бойынша 1096 арыз келіп түсті. Аудандағы комиссия өкілдерінің мәліметінше, тіркелген өтініштердің жалпы көлемінен арнайы комиссия 2015 жылғы 21 шілдеге дейінгі аралықта 1105 өтінішті қарады, соның нәтижесінде жалпы сомасы 12 244 268,4 мың теңгені құрайтын 2 570 нысан заңдастырылды. Соның ішінде, 1316 - тұрғын нысаны, 1249 - тұрғын емес нысан, 78 - коммерциялық нысан және 5 - заңды тұлғаларға тиесілі нысандар болып табылады.

Еске сала кетейік, мүлікті заңдастыру 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.