Шара барысында 20 мың лента тарату жоспарланып отыр. Оларды елорда тұрғындары мен қонақтарына әскери киім стилінде костюмдер киген еріктілер табыстайды.
Сонымен қатар, тақырыптық баспасөз қабырғаларымен шатырлар орнатылады, Еске алу қабырғасы жасалады, онда әр адам Ұлы Отан соғысына қатысқандардың, жақындарының суреттерін, өз қолымен салған суреттерді, тілектері мен жазу қалдыра алады.
Шараның басты мақсаты - ел игілігі мен болашақ ұрпақтың бостандығы үшін өз өмірін қиған жандарды, соғыс жылдарын және олардың ерліктерін есте сақтап қалу.
Айта кетейік, елімізде Жеңіс күнін мерекелеу символының ҚР мемлекеттік туы реңімен әдемі үйлесім тапқан қазақстандық нұсқасы жасалған.
Жеңіс лентасы - ұзындығы 30 см, ені 3 см аспан көк реңді және ортасында алтын түсті ұлттық өрнек элементтері пайдаланып жасалған жібек маталы лента. Лентаның шеттерінде Отан соғысы Орденінің (дәрежесі көрсетілмеген) бейнесі орналасқан, бұл Ұлы Отан соғысында халқымыздың батырлығы мен ерлігін көрсетеді.