Бұл шара Батыс Қазақстан облысының Астанадағы күндері аясында өтеді. Драмалық шығармаға елдің бірлігі мен ынтымағы, халықтың арман-тілегі арқау болған.
Аталған шығарманың авторы - белгілі ақын, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Иран-Ғайып (Иранбек Оразбаев).
Туындының қоюшы режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Ахманов, көлеңкелі көріністер режиссері - Мейрам Хабибуллин, суретшісі - Қайыр Оразғалиев. Сазбен көркемдеуші - Ержан Қажымов. Басты рөлдерді Бақытжан Өтеғалиев, Хорлан Шамелова, Нұрлыгүл Жұбатова сомдайды.