«Қостанай облысының шекаралық бақылау бекетінде облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері ел аумағынан бой тасаламақ болған елорда тұрғынын ұстады. Ол ағымдағы жылдың наурызында Затобол ауылында кәсіпкердің көлігінен 270 мың доллардан астам қаржысы бар сөмкені ұрлап кеткен», - деді Алмас Садубаев.
12:43, 24 Сәуір 2018
Елорда тұрғыны бизнесменнің көлігінен 270 мың долларды қолды етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысының шекаралық бақылау бекетінде көрші елге бой тасаламақ болған елордалық ұры ұсталды. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.