Ерлер арасындағы сұлулық байқауына 19 елдің өкілі қатысты. Байқау 3 кезеңнен тұрды. Атап айтқанда фотосессия, смокинг және ұлттық костюм кию бойынша.
1 аптаға созылған байқаудың нәтижесінде әділқазылар қазақстандық Владимир Морозовты үздік (гран-при) деп таныды. Сондай-ақ, 1 орынды Корея, 2 орынды Ауғанстан, 3 орынды Кения және 4 орынды Малайзия елінің өкілі жеңіп алды.
«Қазақстандықтар келе жатқан мерекелеріңізбен! Мен ұттым, біз ұттық!», - деді Владимир Морозов Instagram-дағы парақшасында.