Елорда тұрғыны жол ережесін бұзғаны үшін мемлекетке 98 айыппұл төледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Борышкер» рейд шаралары жалғасуда. Осы рейдтің арқасында айыппұлының жалпы сомасы 1 757 270 теңге болатын жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының аймақтық жеке сот орындаушылар палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

« Борышкер» рейд шаралары өз нәтижесін беріп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны жыл басынан бері 98 айыппұл алған. 2009 жылғы BMW 750 Li маркалы автокөлік арнайы айып тұрағына кіргізілді. Жол ережесін бұзудың жалпы айыппұл көлемі 1 757 270 теңгеге жетті. Мемлекетке қарыз көлік иесі айыппұлды толық төледі», - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының аймақтық жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Мадина Жанасаева.

98 айыппұлды төлеген азаматтың ісін сот орындаушылардың бірі қараған. Оның банк алдында да қарызы бар болып шықты.