Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен мәлім етілді.
Ведомствоның атап өтуінше, оқиға орнына шолғыншы полиция полкінің қызметкерлері шұғыл арада жеткен. Ұры үйдің қасында өсіп тұрған ағаш арқылы пәтерге кіріп, одан 2 млн. 500 мың теңгенің алтын бұйымдарын қолды қылған. Ол қолға түскеннен кейін ұрланған алтын бұйымдар тәркіленді.
Тергеу амалдары барысында 17 жастағы ұрының Павлодар қаласынан келгендігі, елордада уақытша тұратындығы белгілі болды. Сонымен қатар оған туған қаласында да 15 пәтерді тонауы мүмкін деген күдік келтірілуде. Ұсталған жасөспірімнің айтуынша, ұрлықпен 14 жасынан бастап айналысады әрі бұған дейін екі рет сотталған.
Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.