НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Forte 60 Women's ITF турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, төрт қазақстандық теннисші ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алды.
Жібек Құламбаева алғашқы айналымда ресейлік Екатерина Казионовамен кездеседі.
Гөзал Айнитдинова жарыстың 3-ракеткасы, грузиялық Мариям Болквадземен шеберлік байқасады.
Аружан Сағындықова бельгиялық Исалин Бонавентурамен, Екатерина Дмитриченко жапониялық Куруми Нарамен кортқа шығады.
Өкінішке қарай, Сандуғаш Кенжебаева мен Софья Чурсина іріктеу сайыстарының финалында жеңіліп қалды. Дегенмен олар басқа да қазақстандық теннисшілер сияқты, жұптық сында өнер көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның жұптық сында Доха турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).