Елорда «Венецияға» айналды

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Екі күн қатарынан толассыз жауған жауыннан кейін Астана көшелері су астында қалды. Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде қаланың дренаж жүйесіне наразы екенін жарыса жазып жатыр.

Жауын салдарынан кептеліс болып, көлік иелері діттеген жеріне кешігіп жетуде. Аялдамада қоғамдық көлік күткен жолаушылардың қарасы қалың. Тіпті, жаяу жүргіншілер жолағының өзі көлшікке айналып отыр. «Арық салмай ма?» деген тұрғындардың шаһар билігіне деген өкпесі қара қазандай.

Қолайсыз ауа райына байланысты авиакомпаниялар жолаушыларға рейстер кешіктірілуі мүмкін екенін ескертті.

Фото: Kazinform

Астаналықтар әлеуметтік желілерге жауын салдарынан тап болған қиындықтарын айтып, түрлі фотосуреттер мен бейнежазбаларды жүктеп жатыр.

Фото: @zhaloby.astana

Синоптиктер мұндай ауа райы аптаның соңына дейін сақталатынын болжап отыр.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Айта кетейік, кеше, 8 тамызда Астанаға бұршақ жауып, әуежайдағы төрт ұшақты зақымдаған болатын.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform