Жауын салдарынан кептеліс болып, көлік иелері діттеген жеріне кешігіп жетуде. Аялдамада қоғамдық көлік күткен жолаушылардың қарасы қалың. Тіпті, жаяу жүргіншілер жолағының өзі көлшікке айналып отыр. «Арық салмай ма?» деген тұрғындардың шаһар билігіне деген өкпесі қара қазандай.
Қолайсыз ауа райына байланысты авиакомпаниялар жолаушыларға рейстер кешіктірілуі мүмкін екенін ескертті.
Астаналықтар әлеуметтік желілерге жауын салдарынан тап болған қиындықтарын айтып, түрлі фотосуреттер мен бейнежазбаларды жүктеп жатыр.
Синоптиктер мұндай ауа райы аптаның соңына дейін сақталатынын болжап отыр.
Айта кетейік, кеше, 8 тамызда Астанаға бұршақ жауып, әуежайдағы төрт ұшақты зақымдаған болатын.