Сіздердің назарларыңызға қысқы ертегі қаланың фоторепартажын ұсынамыз. Қала көшелері мен саябақтары ақ қарға оранғалы қала тұрғындары мен қонақтары елорданың қысқы ертегісіне ене алады.
Орталық көшелеріндің бағаналарында ақшақар және ою-өрнек түріндегі иллюминациялар орнатылды, жол айрықтар мен жаяу жүргіншілер жолдары жарқын фигуралар түріндегі қарлы шарлар, автокөліктер, жаңажылдық ойыншықтармен әшекейленді.
Қалалық алаң, Ботаникалық бақ аумағы, EXPO-2017, «Жетісу» саябағы, «Хан Шатыр» СОО аумағы, Президент саябағы, «Қазақ Елі» монументі алаңы, «Ататүрік» саябағы, Есіл өзенінің жағалауы, «Жерұйық» саябағы, Ақбұлақ өзенінің жағасы, «Алатау» СК аумағы түрлі декорациямен әрленген.
Айта кетейік, Астанада #AstanaWinterland атты қысқы ертегі жобасы бастау алған болатын. Оның аясында:12 тақырыптық алаң, 32 мұз айдыны, 36 мұз төбешік ұйымдастырылып, 400-ден астам іс-шара өтеді.
Қалада түрлі-түсті шамдар қосулы, аяқ астында қар сықырлап, жапалақтап жауған қарды қолға қондырғыңыз келеді. Жаңа жыл қарсаңындағы ертегі уақыты басталған болуы керек. Мерекені сезіну үшін қала көшелеріне шығып, алаңдарға барып, мұз айдындарында, сырғанақтарда балалық шақты еске алып, ойнаңыз.