Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының 1 жылдығына арнап флешмоб өткізді.
Іс-шараға «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, блогерлер, Астана қаласының орта арнаулы оқу орындарының белсенді студенттері мен жалпы орта мектептің оқушылары, сондай-ақ «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығының еріктілерінің қатысуымен өткен шарада 300-ге жуық қатысушы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының белгісі болған қыран құс пен «Qazaqstan» жазуларын бейнеледі.
«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы - ұлтымыздың барлық салт-дәстүрлерін, тіліміз бен тарихымызды ұмытпай жаңашылдыққа ілесу үшін бағдар сілтеу деп ойлаймын. Жастар мемлекеттік саясаттың жүзеге асуына қолдау көрсетуге әрқашан дайын. Біздің орталық бағдарламалық мақалада көрсетілген бағыттар бойынша 6 ірі жобаны жүзеге асыруда. Жастарды дұрыс бағытта тәрбиелеу жолында бағдарламаның алар орны үлкен. Жастардың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс», - деді «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығының басшысы Мұхамеджан Болысбек.