Елорда журналистері ҚазАТУ-дағы пікірталас сайысына қатысты

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен кеше,

25 маусымда ҚазАТУ-да «ҚР зейнетақы жүйесін жаңғырту» атты пікірталас сайысы өтті.

Бұл туралы аталмыш жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен хабаарлады.

Дебатқа республикалық ақпарат құралдарының журналистері, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жас ғалымдары қатысты.

Сарапшылар құрамында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі, мемлекеттік бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары Гүлнәр Тоқсейітова, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы директорының бірінші орынбасары Сәуле Дүйсенова, «Бас редакторлар клубы» ҚБ-нің президенті Кенжеболат Жолдыбай, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің проректоры Жайнагүл Құсайынова, «Әдебиет» бірлестігінің бас редакторы Жұмагүл Саухат және Карл Поппер атындағы ағылшын дебаты лигасының жаттықтырушысы Сара Қытайбекова болды.

Оиын нәтижесі бойынша бірінші орынды С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті жас ғалымдарының «Найзағай» командасы иеленді. Екінші орынды журналистердің «Алмас қылыш» құрама командасы алды. «Үздік спикер» аталымын журналистер командасының өкілі Мадина Дүйсекова еншіледі.