«BRT - көп адамды тасымалдау және жол қозғалысын ұйымдастыруға ықпал ету, BRT - бұл көліктен гөрі, адамдарға лайықты формат. BRT - көлік құралына арналған дауа. Оның сапасын, ұтқырлығын, қауіпсіздігін, сәулетін, жайлылығын көрген жұрт қоғамдық көлікті жиі пайдаланатын болады», - деді «Астана LRT» ЖШС Басқарма төрағасы Талғат Ардан. Айта кетейік, BRT - жеке жолдар инфрақұрылымын құру, тез әрі жиі жүретін рейстермен қамтамасыз ету арқылы жедел, ыңғайлы және тиімді қалалық көлік жүйесі. Аталған жоба Астанада 2015 жылдан бастап енгізіледі, деп хабарлайды astana.gov.kz.
16:25, 14 Ақпан 2014
Елорда жұрты енді жаңа, жылдам, жайлы автобустармен жүретін болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада қоғамдық көлік жұмысын жақсарту жөніндегі іс-шаралар мен ахуалдар мәселесі жөніндегі мәслихаттың кезекті сессиясына дайындық аясында «BRT. Жылдам жүретін автобустар тасымалы» жобасы таныстырылды. Іс-шара барысында аталған көлік құралының артықшылықтары жайлы айтылды.