Елордада 1-4 қаңтар аралығында барлық автобус бағдары қатынайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1-4 қаңтар аралығында елордада қоғамдық көліктер жұмысын тоқтатпайды. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1, 2, 3, 4 қаңтарда қалада және қала маңына қатынайтын барлық бағдарлар (экспресс-бағдарлардан басқалары) сағ. 23:00-ге дейін жүреді.

Алайда санитарлық нормаларды сақтауыңызды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді», делінген хабарламада,

Компанияның мәліметінше, профилактикалық жұмысқа байланысты екінші деңгейлі банктер, Qiwi, Kaspi, Wooppay, PolyArt қосымшалар арқылы теңгерімді толтыру, тарифтерді сатып алу 30 желтоқсан сағат 23:00-ден 1 қаңтар сағат 1:00 аралығында қолжетімсіз болады.

«Көлік картасын RTVM автоматы арқылы толықтыруға немесе жол жүру ақысын SMS және QR көмегімен төлеуге болады», делінген хабарламада.