Елордада 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ өткізілмейді

None
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Елордада аязға байланысты 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ өткізілмейді, деп хабарлады astana. kz.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, Астанада ауа температурасы түнде -29;-27°C, күндіз -16;-18°C болады, желдің екпіні 5- 10 м/с, қар жаумайды.