Елордада 1 маусымнан бастап пойыздардың кестесі өзгереді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа «Нұрлы жол» вокзалының іске қосылуына байланысты 2017 жылдың 1 маусымынан бастап пойыздардың жаңа кестесі бекітілді, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Жаңа «Нұрлы жол» вокзал кешені  54 пойызға қызмет көрсетеді. Оның 22-і «Тұлпар-Тальго» жүрдек, 16-сы кәдімгі және 16-сы қала маңы пойыздары.

Сонымен қатар, «ЭКСПО -2017» халықаралық көрмесі кезінде әртүрлі бағыттар бойынша қосымша 14 пойыз жолға шығады.

Жаңа вокзалға  дейін қала ішінде  2, 14,  32, 48, 50, 57, 201, 202, 500 және 505 автобустары қатынайды.

Пойыздардың толық тізімі мен жүру уақыты temirzholy.kz  сайтында жарияланған.