Айта кету керек, Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру 2020 жылдың наурыз айынан бастап тегін ұйымдастырылып келеді. Міндетті шарт – мектептің көлік картасының болуы және оны автобуста валидация өткізу.
Сондай-ақ келесі санаттарға жататын азаматтар жеңілдікке ие:
1) Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар;
2) жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
3) көпбалалы аналар;
4) көпбалалы отбасылар;
5) мүгедектер;
6) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері).
7) «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары.