Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, елордадағы балабақша мен тұрғын үй құрылысы кезінде атқарылған жұмыстардың құнына қатысты жалған актілерді ұсыну арқылы 67 млн.теңге бюджет қаражатын ұрлаған «Билдмаркет-НС» ЖШС бұрынғы директоры және осы жолмен Есілдің сол жағалауындағы мектеп құрылысына бөлінген 501 млн.теңгені талан-таражға салған «Дронго-А» ЖШС директорының ісі әшкереленді. Қазіргі кезде аталған екі қылмыстық іс бойынша қамауға алу жөніндегі сот шешімі шығарылып отыр.