Елордада 12-қабат деңгейінде тұрған мұнара кранының кабинасы өртенді

АСТАНА. KAZINFORM – Астананың Байқоңыр ауданында 12-ші қабатты дегейінде тұрған мұнара кранының кабинасы өртенді, деп хабарлайдыҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: ҚР ТЖМ

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, өрт сөндірушілер өртті сөндірді.

«Бүгін таңертең Байқоңыр ауданында жаңа ғимараттың аумағында 12-қабат деңгейінде мұнара кранының кабинасы өртенді. Өрт толығымен сөндірілді. Өрт 1,5 шаршы метр аумақты шарпыды. Медициналық тексеруден кейін краншы ауруханаға жатқызудан бас тартты»,-делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінен 8 адам және 2 техника жұмылдырылды.