Елордада 124 мың жүргізушіге жалпы сомасы жарты миллиард теңгенің айппұлы салынған - Жол полициясы

АСТАНА. Тамыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - 2010 жылы елордада 124 мың жүргізушіге жалпы сомасы 567 миллион теңгенің айппұлы салынған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласының Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта мемлекет кірісіне 441 млн. теңгеден аса қаржы төленген. Дегенмен, айыппұлдарды дер уақытында өтемеген жүргізушілердің саны да артып отыр. Заң бойынша, салынған айыппұлды жүргізуші 30 күн ішінде жабуы тиіс. Олай болмаған жағдайда, сот жүргізушіден айыппұлды оның ықтиярынсыз шара қолдануға, айыппұл сомасы төленбейінше оның мүлігіне арест қоюға құқылы.

Жалпы жыл басынан бері Жол полициясынан Сот әкімшілігіне жалпы сомасы 16 млн. теңгеден асатын осындай 3500 қаулы түскен. Оның 1800-і, шамамен 5,5 млн. теңгесі төлеттірілді. Айыппұлдарды уақытында өтемей жүрген қалған жүргізушілерден қарыздарын төлеттіру мақсатында Сот әкімшілігі және Жол полициясының қызметкерлері рейд жүргізді.

Шара қала кіреберісіндегі «Қызылжар» бекетінде және жүргізушілердің тұрғылықты жері бойынша өткізілді.

Жол ережесін бұзушыларға айыппұлдарды ерте ме,кеш пе төлеулеріне тура келеді. Дұрысы - жол ережелерін бұзбау.