Елордада 14 ойын-сауық орны карантин талаптарын бұзды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада биыл 40 мыңнан астам оқушы орны ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Елорданың мониторинг топтары кәсіпкерлік нысандарының карантинді сақтамауын анықтау және жолын кесу жұмысын жалғастыруда. Күн сайын олар 100-ден астам мекемені тексереді. Олардың он шақтысы шектеу шарасын сақтамағаны анықталады. Тәртіп бұзушылар тізіміне маска тағу режимі, әлеуметтік қашықты, жұмыс тәртібі сақталмайтын қоғамдық тамақтану нысандары жиі ілігеді.

Өткен жұма күні 6 тамызда карантин режимін бұзғаны үшін 14 кәсіпкерлік нысаны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Есіл ауданында белгіленген уақыттан кейін «ШашлыкоFF» гриль бары, «Chechil pub», «Totem» барлары, «Velluta» мейрамханасы, «Baoli» лаундж бары келушілерді қабылдаған.

Сарыарқа ауданында «Маман» мейрамханасы, «Global cofee» кофеханасы, «Пинта» және «Astana Rock Cafe» барлары тиісті талаптарды сақтамаған.

Алматы ауданында орналасқан «Белес» мейрамханасында, «Узбекский двор 8», «Киш Миш», «Лото клуб» кафелерінде жұмыс тәртібі сақталған жоқ.

Ал Байқоңыр ауданындағы «Barrus» түнгі клубы карантин ік шектеуін елемей, жұмыс істеді.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шара қолдану үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Айта кету керек, елорда эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша бес айдан бері «қызыл» аймақта тұр.