Ауыл шаруашылығы тауарлары жәрмеңкесі барысында қала тұрғындарына жеміс-жидектер, ет, шұжық, сүт, нан, кондитерлік және макарон өнімдері, ұн, қант, жұмыртқа, өсімдік майы сынды өнімдер ұсынылады.
Баспасөз хабарламасында сатылатын азық-түліктің бағасы орташа нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен болатындығы аталып өтілген.
Жәрмеңкеге Астананың және Ақмола мен Қарағанды облыстарының 60-тан астам тауар өндірушілері қатысады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 500 тоннаға жуық.
Іс-шара елорда күнін мерекелеу аясында өткізіледі және Астана әкімдігі Ақмола мен Қарағанды облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп ұйымдастырып отыр.