Куәгерлердің айтуынша, оқиға Кенесары және Ш. Уәлиханов көшесінің қиылысында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған.
- Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады, - делінген қалалық полицияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске сала кетсек, жақында елордада 19 жастағы жігіт атылып қалған еді.
Сондай-ақ, туыстарын пышақтап тастаған Астана тұрғыны туралы жазған болатынбыз.
Таяуда ғана астаналық полицей жаттығу залынан шыққаннан кейін есінен танып, сол жерде қайтыс болды.